«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 515 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 60 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 515 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12012 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің ең төмен әлеуметтік стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Г. Бейсембаев |
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2025 жылғы 31 наурыздағы
№ 60 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 6 тамыздағы
№ 515 бұйрығымен бекітілген
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің»
ең төмен әлеуметтік стандарты